Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55) ✅ ҰЛТЖАНДЫ НЕМЕСЕ ҰЛТШЫЛ Ұлтжанды немесе ұлтшыл? Бұл соңғы кездері жиі талқыланатын мәселеге айналды. Сондықтан аражігін айырып, нақты айқындап алуға тура келді. Кейбір жүрегінде қыңырлығы бар адамдар: "ұлтжанды деген - қатынжанды қазақтың ұлтқа жаны ашуға тырысып жүрген тобы", - деп келемеждейді. Уәжі мынау "қазақта мұндай сөз жоқ". Болмаса, енді болады! Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ұлтшылдыққа шақырса, бізден емес және кімде-кім тек ұлтшылдық үшін күрессе, бізден емес және ұлтшылдық үшін өлсе, бізден емес!», - деп айтқаны жеткізіледі. (Әбу Дауд) Аллаға иман келтірген мұсылман адам бұл хадиске шәк келтірмейді. Аталмыш хадисті басшылыққа алсақ: "Әуелі мұсылман сосын қазақсың ба? Әлде әуелі қазақ сосын мұсылмансың ба?", - деп бопсалайды. Бұл орыстандыру саясатынан қалған жаңсақ пікір, яғни дінді ұлттан бөлектеу арқылы отарлау (Н.И. Ильминскийді қараңыз). Біздің текті аталарымыз "әлімсақтан мұсылманмын" деп үйретуші еді. Қазақпын дегенің - мұсылманмын дегенің. Демек ҰБҚ - ұлтын сүйетін, құндылықтарын дәріптейтін, оның ұлт болып сақталуы үшін күресетін және оны өзге ұлттардан артық санап, тәкаппарлыққа бой алдырудан сақтанатын жоба десек дұрыс болар. Әйтпесе әсіре ұлтшылдықтың зардабына тарих куә емес пе? Абай атамыз: "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті", - дейді. Бәріміз бір адамның ұрпағымыз! Сол себепті ұлтшыл емес, ұлтжанды. Өзгені мінеп сынап, "қатынжанды" деп келемеждеп, бір бұрышта мысқылдап, сөйте тұра өзінің ісі "қатынның" ісінен айырмашылығы жоқ "ұлтшылдан" ұлтжанды болған мың есе артық. Жобаның ісіне қарап баға беріңіздер. Ұлтжандылықтың үлгісін жеті жыл бойы өз тәжірибемізбен дәріптеп жүрміз. Бауыржан Момышұлы атамыз: "Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық", - дейді. #ҰлтшылЕмесҰлтжанды

Теги других блогов: Алла Елшісі Ұлтжанды Ұлтшыл