#бөлекоқытудықолдаймын Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55)
✅ ҰЛ МЕН ҚЫЗДЫ БӨЛЕК ОҚЫТУ
Ресейде 1918 жылдарға дейін ұл мен қыздарды бөлек оқытты. Кейін гендерлік қозғалыстардың әсерінен бұл тыйым салынды. Бірақ 1943 жылы қайта қалпына келтіріліп, 1954 жылдарға дейін жалғасты. Бұған үрке қараудың қажеті жоқ. Көптеген дамыған елдерде бұл тәжірибе жүзінде жасалады. Англиядағы беделді элиталардың балалары бөлек оқытатын ақылы мектептерде білім алады.
Мысалы АҚШ-тың өзінде соңғы 8 жылда бұл жүйе 50 пайызға артты. Аралас мектептердегі балаларға қарағанда, үлгерімі өте жақсы. Австралияда да мұндай мектептер өте көп. Олар 6 жыл бойы 270 мың оқушыға зерттеу жүргізіп, аралас мектептен бөлек оқытатын мектептердегі оқушылардың үлгерімі 15-22 пайызға жоғары болатынын анықтады.
Филадельфиядағы Пенсильван университетіндегі америкалық ғалымдар ұл мен қыздың милары әртүрлі жасайтынын анықтады. The Daily Mail хабарлауынша жасөспірімдік кезеңде қыздардың миы ұлдарға қарағанда тез дамиды. Биологиялық жастары бірдей болғанымен, физиологиялық тұрғыдан дамуы сәйкес келмейді. Сол себепті ұлдар оқуда озат қыздармен бәсекелесе алмай, көптеген қабілеттері басылып қалады.
Бөлек оқыту жүйесін біздің елімізде де енгізу қажет. Өз кезегінде бұл көптеген мәселердің шешімін табар еді. Мысалы жыл сайын елімізде 300 мыңға жуық жасанды түсік жасалады. Бұған жүгінушілердің жасы 12-14 жастан басталады. Мектеп жасындағы жүктілік пен жыныстық дебюттік жас жыл санап артып келеді.
Бұл қауіпті үрдістің алдын алу үшін, ақылға қонымсыз әртүрлі шаралар қолдану ұсынылды. Біресе "жыныстық қатынас туралы сабақ", біресе "мүшеқап тарату", біресе "16 жастан түсік жасатуға заңды түрде рұқсат беру" т.б. Енді ақылға салып көріңіз, иық тіресіп отырған ұл мен қызға жыныстық қатынас туралы дәріс өткізіп, соңынан қолына мүшеқап ұстатып қойсақ не болады?
Ұлт болашағына алаңдаған соң, бұл мәселе көпшіліктің көкейінде жүр. Әлі де шешімін таба алмай келеді. Орамалмен алысып, етегін қысқартып берген соң, мұндай үрдістің орын алуы заңдылық. Сондай-ақ, орамал дауы да шешіледі. Тек қыздар оқитын мектепте оқушы қыздар орамалын шешіп, сабақтан соң қайта киеді. Сондықтан #бөлекоқытудықолдаймын деп пікір жазыңыздар, көптеп таратыңыздар. Әрекет етейік! Күш бірлікте!
https://www.youtube.com/watch?v=x7GcWWJ8wJY&t=1s